• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Желтоқсан, 2020

Халықпен тікелей байланыс орнатылады

150 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында онлайн режімінде Республикалық сайлау­ал­ды штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімдегі кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірген.

Nur Otan партиясы Респуб­ликалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. «Ел­басы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партия­ластар, әсіре­се, кандидаттар сайлау нау­қанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиын­дарға көшеміз. Нақты әлеумет­тік топтар – зейнеткерлер, жұмыс­шылар, аграршылар, мұ­ғалім­дер және дәрігерлермен кез­де­семіз. Оларды толған­дырған мәселелерді жан-жақ­ты талқылап, сайлауалды бағ­дарламада көрсетілген мәселе­лердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсі­нікті тілде жеткізу қажет. Шал­ғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәсе­лесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек», деді Б.Байбек.

Сонымен, Республикалық сайлауалды штаб аясында ғана 35 қала мен 82 ауданда 300-ден астам іс-шара өткізіледі. Облыс­тарда, қалалар мен аудандарда барлық 6,4 мың кандидат сайлау­шылармен кездеседі. Онлайн-технологияларды ескерсек, жалпы іс-шаралар кемінде 9 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жария­ланған.