• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды

216 рет
көрсетілді

15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 612 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 465 адам, анықтамасыз 147 адам - ҚР азаматтары келді.Оның ішінде::small_blue_diamond: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 348 жолаушы, анықтамамен - 1 209, анықтамасыз - 139;:small_blue_diamond: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 264 жолаушы, анықтамамен - 256; анықтамасыз - 8.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 14 желтоқсанында анықтамасыз келген 81 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген Қазақстанның 2 азаматынан коронавирустық инфекция анықталды.Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.