• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2020

Мұқтаждарға 500-ден астам азық-түлік себеттері таратылады

322 рет
көрсетілді

Мейірімділік эстафетасы аясында қамқор азаматтар, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері мен ұйымдар соғыс және тыл ардагерлері мен мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін жеткізді.

Сондай-ақ елордадағы «30 игі іс» акциясының қатысушылары жалғызбасты зейнеткерлерден үйін қардан тазартуға, үй ішіндегі заттарды ретке келтіруге, үйсіз жануарлар паналайтын жерлерге барлық көмек көрсетуде. Қыста қолайсыз ауа-райында еріктілер көшеде қала тұрғындары мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлерін ыстық шай мен бауырсақпен сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік-қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.