• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Желтоқсан, 2020

Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды

191 рет
көрсетілді

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 472 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 161 адам, анықтамасыз 311 ҚР азаматтары келді.Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 648 жолаушы, анықтамамен - 621, анықтамасыз - 27;Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 508 жолаушы, анықтамамен - 336; анықтамасыз - 172;Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 224 жолаушы, анықтамамен - 114; анықтамасыз - 110;Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 89; анықтамасыз - 2;Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.2020 жылдың 15 желтоқсанында анықтамасыз келген 147 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстамбұл-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.