• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2020

Шетелден келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

106 рет
көрсетілді

17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

2 052 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматтары келді.Оның ішінде:Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 206;Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамамен - 601; анықтамасыз - 159;Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келді;Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 72; анықтамасыз - 3;Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 129; анықтамасыз - 10.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.