Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел біріншілігінің алғашқы күнінде татамиге әйелдер 48, 52 келіге дейін, ерлер 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар өзара мықтыны анықтап жатыр.
"Маңғыстау-Аренада" өтіп жатқан байрақты бәсекеге 14 облыс, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан барлығы 273 дзюдошы бақ сынайды. Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 21 желтоқсанға дейін жалғасады.