• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2021

Қазақстанда ескі көліктер утилизацияға қабылданады

3547 рет
көрсетілді

Елімізде қолданыстан шығып қалған көліктерді утилизацияға қабылдаудың 2021 жылғы бағдарламасы 11 қаңтарда дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қаласындағы қабылдау бекетіне көлікті өткізуге болады.

Ал 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл мен Орал қалаларының қабылдау бекеті жұмысын бастайды.

Сонымен бірге 1 ақпаннан бастап ескі көліктер Алматы қаласында да қабылданады. 2021 жылы АЕК көлемі артқандықтан ескі көлік үшін берілетін төлем көлемі де өсті:

- М1санаты бойынша – 210 024 тг;

- М2 санаты бойынша – 420 048 тг;

- М3,N3 санаты бойынша – 630 072 тг.

Қабылдау бекеттерінің мекенжайы recycle.kz порталында жарияланған.