• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2021

Мәжіліске Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды

247 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісіне Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат сайланды, - деп хабарлайды Egemen.kz

ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі: Сауытбек Абдрахманов - 298, Аветик Амирханян - 270, Ильяс Буларов - 274, Наталья Дементьева - 292, Юрий Ли - 282, Вакиль Набиев - 285, Шамиль Осин - 271, Владимир Тохтасунов - 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болды. Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан халық Ассамблеясынан 9 депутат Парламент Мәжілісіне өтті.