• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Қаңтар, 2021

Президенттік резерв: Лайықтылар іріктелді

128 рет
көрсетілді

Президенттің кадрлық резервіне 180 әскери қызметші кірді. Олардың бәрі Қазақстан Қарулы Күштерінің офицерлері мен генералдары.

Президенттік резерв – бұл Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығына ұсынылатын офицерлердің тізімі. Желтоқ­сан айында Қауіпсіздік Кеңе­сінің Хатшысы біліктілік сынақ­тарынан сәтті өткен 155 офицер мен 25 генералдың тізімін бе­кітті.

Резерв мемлекеттік басқару жүйесін жақсарту үшін құрыл­ған. Іріктеудің жаңа жүйесі жо­ғары лауазымдарға ұсыну үшін ең лайықты үміткерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе Ресейде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа елдерде сәтті қолданылады.

Оған Қорғаныс министрінің қызметтегі орынбасарлары, Бас штаб бастығының орынбасарлары, әскер түрлері мен тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскер­лерінің бас қолбасшылары және олардың орынбасарлары, орталық аппараттың құрылымдық бөлім­шелерінің бастықтары, әскери оқу орындарының бастық­тары, әскери бөлімдердің коман­дирлері, Ұлттық қорғаныс уни­верситетінің магистранттары және басқа да перспективалы бас­шылар кірді.

Президенттік резервке қабыл­дану үшін үміткерлер ақпаннан мамырға дейін көп деңгейлі іріктеуден өтті. Қорғаныс ми­нистр­лігінің Жоғары аттестаттау комиссиясы арнайы тексеру жүргізіп, олардың қызметтік жұмысының нәтижелерін, жеткен жетістіктерін, жеке және кәсіби қасиеттерін зерделейді. Осыдан кейін ғана түпкілікті шешім қабылданды.

Үміткер онда үш жылдан артық болмауы тиіс. Мерзім аяқтал­ғаннан кейін Жоғары аттес­таттау комиссиясы оны алып тастау немесе оның қаты­суын ұзарту туралы шешім қабылдайтын болады.