• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Қаңтар, 2021

Тіркеу рәсімдерін оңайлатады

219 рет
көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша ө згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тір­кеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауға, құжаттарды ресімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді. «Ақпарат құқықтық кадастрдан электронды үкімет веб-порталы арқылы берілетін болады. Бұл құқықтарды электронды тіркеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді арттыруға, сондай-ақ мәлі­мет­терді құқықтық кадастр­дан уәкілетті органдар мен тұл­ғаларға беруге мүмкіндік береді», деді комитет хатшысы Қанатбек Сафинов.

Сондай-ақ заңнамалық деңгейде енгізілген түзе­ту­лермен жергілікті атқарушы органдарға жылжымайтын мүлік объектісін бұзу тура­лы құжатты беру жөнін­дегі функцияларды бекіту және шаруашылық серіктес­тік­теріне қатысушылар құра­мының өзгеруіне байланысты оны қайта тіркеу тәртібін айқындау жоспарланып отыр. «Заң жобасы сот орын­даушыларының құқық бел­гілейтін құжаттардың көшір­мелерін алу құқығын бекі­ту нәтижесінде сот акті­лерінің уақтылы орындал­уын қамтамасыз етуге ықпал етеді», деді сенатор Нұрлан Бек­назаров.

«Қазақстан Рес­пуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мем­ле­кеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасына Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттары бастамашы болған еді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.