• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қаңтар, 2021

Фармацевтикалық нарықтағы кедергілер

394 рет
көрсетілді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге фармацевтикалық қызмет нарығында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу қағи­да­ла­рындағы елеулі кедергілердің бірін шешуде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді.

Атап айтқанда, конкурстық қағидалардың бірі қатысушыға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бес жылдан астам фармацевтикалық өнді­ріс тәжіри­бесі үшін 2 балл қосуды көздейді. Кедергілер жөніндегі кеңестің мүшесі Батырбек Машкеев бұл шарт құқықтық тұрғыдан қысым жасайтынын және отандық тауар өндірушілер арасында бәсекелестікті дамы­ту­ға айтарлықтай кедергі кел­ті­ре­тінін айтады: дәл осы 2 балл шетелдік қатысуы бар фар­ма­цевтикалық өндірістерге қа­зақстандық өндірушілер алдында артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді, себе­бі одан кейінгі конкурстық рәсімдер шетелдік қатысуы бар отандық тауар өндірушілер арасында өтеді.

«СК – Фармация» ЖШС хабарламасы бойынша қазіргі кезде дәрілік заттарды, ме­ди­циналық бұйымдарды және мамандандырылған ем­дік өнім­дер­ді сатып алуды ұйым­дастыру және өткі­зу қа­ғидаларының жобасы әзір­ленді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтініміне баға­лау өлшемшарттары (балдық жүйе) қайта қаралды. Әлеуетті өнім берушіде немесе оның құрылтайшысында ел аумағынан тыс жерде бес жылдан астам фармацевтикалық өн­діріс тәжірибесі бойынша өлшемшарт жобадан алынып тас­талды. Бүгінде жоба мем­ле­кет­тік органдармен келісілуде.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес­ші­сі Әлия Рахимованің айтуын­­ша, «Кедергілер жө­ніндегі кеңес» краудсорсинг алаңы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құрыл­ған, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзекті болып табылатын тиісті та­­уар нарықтарында «әділ сау­да» қағидаттарын қам­та­масыз ету бойынша объек­тив­ті ұсы­­ныстар әзірлеу үшін на­рық­тарға кіру бойынша шек­теу­лер­ді анықтауға, са­рап­­тамалық қо­ғам­дастықтың бә­се­ке­ле­с­тікті бұр­малауға түр­лі фак­тор­лар­дың әсерін бағалауға және са­рап­тауға бағытталған.