• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында базар жанып кетті

240 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында «Алан» базары жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«16 қаңтар күні сағат 05.48-де (Ақтөбе уақыты бойынша) Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты «Алан» жабық базарының алдын ала болжаммен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.