• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қаңтар, 2021

Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады

463 рет
көрсетілді

17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Шығыс Қазақстанның да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Ал Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрден астамға жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяқ болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады. Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады. 17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі. Маңғыстау облысында да тұман болады.

17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.