• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қаңтар, 2021

«Жұлдыз» жарқыраған сәт

288 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Абай қаласында мәдениет пен өнердің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, осындағы «Жұлдыз» атты хореографиялық ансамбль жергілікті атқарушы билік тарапынан болған қамқорлық пен қолдаудың арқасында қанатын кеңге жайып, бүгінгі күнде елімізден тысқары жерлерге де танымал болып үлгерді.

Таяуда аталған өнер ұжымы Испания елінде ұйымдастырылған Online Wave халықаралық конкур­сында бақ сынап, «Халық биі» аталымы бойынша екінші дәрежелі лауреат атағын иемденді.

Бұл байқауда «Жұлдыз» ан­самблінің мың бұралған бишілері қазақ халқының асыл мұрасы  «Білезік» биін қазылар алқасының төрелігіне ұсынды. Қазылар қара­ғандылық ұжымның өнерін ла­йықты бағалап, байқаудың жоғары  жүлдесімен марапаттады.

«Жұлдыз» ансамблінің же­текшісі Жанар Мансұр қазақ хал­қының асыл мұрасын халықаралық байқауда таныстырып, еліміздің атын шығарғандарына шын қуа­нышты екенін жеткізді.

«Қазақ билерінің мағынасы өте терең, небір әсем ырғақ пен үйле­сімді қозғалыстар арқылы тұр­мыстық және философиялық тақырыптарды бейнелеуге болады. Халықаралық өнер додасына қа­тысып, жүлделі болғанымызды мақтан тұтамыз», дейді ұжым жетекшісі.

 

Қарағанды облысы,

Абай қаласы