• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қаңтар, 2021

Ғылыми-технологиялық дамуға инвестиция құяды

239 рет
көрсетілді

ҚазҰУ ІТ, инновациялық және медико-биологиялық кластерлерді қамтитын «Әл-Фараби» ғылыми-технологиялық алқабын (ҒТА) құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркиялық «Görkem Co.» компания­сымен IT-технологиялар, инновациялар мен медицина саласын­дағы зерттеулерді дамыту және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қажетті объектілер құрылысын бастау туралы ұзақ мерзімді инвестициялық келісімге қол қойды. Тараптар келісім­ді кезең-кезеңімен іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Инвес­тицияның жалпы сомасы – 1 млрд доллар.

Бүгінде әлемнің жетекші универси­теттері адами капиталды қалыптастыра отырып, инновациялық экономиканың өсу нүктесі ретінде өз елдері мен тұтас өңірлердің дамуын айқындауда. Дамыған елдердің озық тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай техно­ло­гиялық алқаптар ғылым, білім және инновациялық өндірістің үштұ­ғырлығы негізінде ірі университеттер базасында қалыптасады.

ҚазҰУ мақсатты түрде әлемдік дең­гей­дегі зерттеу университетіне айнала отырып «Әл-Фараби» ғылыми-тех­но­логия­лық алқабын құру бастамасын алға тарт­ты. Жоба Елбасы Н.Назар­баевтың қол­дауы­на ие болды. Әлемнің 150-ден астам жетек­ші жоғары оқу орнын бірік­тіретін «Жаңа Жібек жолы уни­вер­сит­ет­терінің Альянсы» халық­ара­лық IT-кластерін құру бойынша жұмыс жүр­гізілуде. Оның өзегін «Silicon Valley» моделін­дегі IT-технопарк және ҚХР үкі­меті­нің гранты бойынша ҚазҰУ-ға ұсы­­ны­латын суперкомпьютер құрайды. Бұл туралы келісімге ел Президенті Қ.Тоқаев­тың Қытайға сапары барысында қол жеткізілді.

Сондай-ақ ҒТА құрамына иннова­ция­лық және медико-биологиялық клас­терлер кіреді. Ғылыми-зерттеу зерт­ха­насы бар 500 орындық көп салалы кли­­ника салынатын болады. Медико-био­­ло­гиялық кластерді құру әлемдік дең­­гейде медициналық қызметтер көр­сету­ге, заманауи технологиялар транс­фер­­тін жүзеге асыруға, сонымен бірге Оңтүстік Ко­рея, Канада, Түркия және АҚШ ме­ди­ци­на­сындағы менедж­менттің озық тәжі­ри­бесін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Ірі инвестициялық жобаны іске асыру үшін біз ҚазҰУ-ды кездейсоқ таң­даған жоқпыз. Біз сенімді әрі бола­шағы зор серіктес табу мақсатында қазақстандық білім беру нарығын мұқият зерттедік. Ғаламдық рейтингте 165-орынға ие түркі және ислам әлемінің үздік университетімен ынты­мақ­тастық халықаралық деңгей­дегі жобаны жүзеге асыруда жаңа мүм­кіндіктер ашып, достас елдеріміз­дің қа­рым-қатынасын одан әрі ны­ғай­ту­ға мүмкіндік береді», деді кез­десу бары­сында «Görkem Co.» компан­иясы­ның бас директоры Осман Мимарсинаноглу.

Шартқа сәйкес инвестор объекті­лерді салып, оларды қажетті жабдық­тар­­мен жабдықтайды және мемлекеттік мен­шікке тапсырады. Шығындарды өтеу бірлескен операциялық қызмет есебі­нен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы ин­вес­тициялық жобаның бірінші кезе­ңін іске асыруды бастау жоспарлануда.