• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қаңтар, 2021

Шекарадан дрон арқылы тапанша өткізбек болғандар ұсталды

813 рет
көрсетілді

Қазақстан – Өзбекістан шекарасынан Макаров тапаншасын өткізбек болған екі өзбек азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы UZnews сайты мәлімет таратты.

Сарапшылардың пікірінше тәркіленген қару алты оқты Макаров тапаншасы екен.Тергеуге дейінгі тексеру барысында қару 4 мың долларға Қазақстан азаматынан сатып алынғаны анықталған.

Айта кетейік, ұсталғандардың бірі бұрын сотталған азамат. Ол 2012 жылы Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 97-бабы бойынша (қасақана кісі өлтіру) сотталған, ал 2019 жылы – 169-бап бойынша (ұрлық) кінәлі деп танылған.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 246-бабы (контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды және қамауға алу түрінде алдын-алу шарасы қолданылды.

 

Аида ОРАЛБЕК