Соңғы кездері әлеуметтік желілерде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ атына құжаттандыру мәселесіндегі келеңсіздіктер туралы айтқан шағымдар көбейіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көпшілік жұрт Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтардан құжаттарды қабылдап, дайын құжаттарды беріп отыратын, уәкілетті органдар мен халық арасындағы бір терезеден қызмет көрсететін орын екенін түсіне бермейді. Қызметтердің 80 проценті электрондық нұсқада көрсетілуіне байланысты да орын алып жатқан техникалық ақаулар үшін ХҚО-ны жазғырып жатады.
Соңғы кездегі жиі кездесетін мәселелер – пәтерінде немесе үйінде өзге адамдардың немесе үй иелерінің өздерінің өзге мекенжайда тіркелген болып шығу фактілері, 14 жасқа дейінгі балаларды тіркемесе де болатыны жайлы жаңа ережелерді ескермей, тіркеуді талап етіп, онысы орындалмаса шағым жазатындардың көбеюі. Филиал мамандары бұл мәселелерді халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Дегенмен, ХҚО-ларда қызмет көрсетіп отырған Миграциялық полиция қызметінің мамандары тарапынан да түсінбеушіліктер кездесіп жатады. Осы мәселелерді бірлесе шешу мақсатында, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, филиал директоры Данияр Қырықбаев Миграциялық полиция қызметінің мамандарымен бірге Медеу, Бостандық және Әуезов аудандық фронт-офистеріндегі қызмет алушылармен сөйлесіп, мұң-мұқтажын, пікір-ұсыныстарын тыңдады, мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндірді. Фронт офистер мен қызмет алушылардың санитарлық талаптарды орындау барысын көрді.