• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Қосымша пойыздар

270 рет
көрсетілді

Алда келе жатқан мереке күн­де­ріне байланыс­ты, сондай-ақ, жо­лаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында «Жо­лаушылар тасымалы» АҚ қосым­ша жолаушылар пойыздарын та­ғайындайтыны жайлы хабарлайды.

Таратып айтар болсақ, мереке күндері №373/374 «Алматы-2 – Жез­қазған» пойызы жүреді. Ол Алматыдан 21 желтоқсанда, Жезқазғаннан 23 желтоқсанда аттанады.

№634/633 «Қарағанды-Жезқазған» жолаушылар пойызы Қараған­дыдан 29 желтоқсанда, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда шығады.

Сонымен қатар, 23 «Тұлпар-Тальго» вагонынан тұратын №63 «Семей-Астана» жүрдек пойызының жүру кестесі өзгертілді. Енді ол Семейден 2014 жылдың 1 қаңтарында (31 желтоқсан орнына) аттанып, Астанаға 2 қаңтар күні келіп жетеді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар