Батыс Қазақстанға ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары облыста медицина ұйымдарының 26 екпе кабинетінде жүзеге асырылатын болады.Батыс Қазақстан облысы Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев, облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев алғашқылардың бірі болып коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.