• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Ашық аймақ және БАҚ

224 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында республикалық басылымдардың өкілдері мен меншікті тілшілердің, жергілікті қалам иелерінің, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік университеті журналистика бөлімшесі студенттерінің, ардагер журналистердің қатысуымен «Ашық аймақ: БАҚ-тың қазіргі уақыттағы жағдайы және даму үдерісі» атты форум өтіп өзекті проблемалар негізгі әңгіме тақырыбына айналды.

Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов жиналғандарға аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтауын жеткізіп, есепте тұрған 70-ке жуық ақпарат құралдарының халық пен биліктің арасын байланыстырудағы рөліне, қоғамдық пікір қалыптастырудағы мән маңызына тоқталды.

Өңірдегі қазақ тілді БАҚ-тардың дамуы жайлы модератор, «Қызылжар ақпарат» ЖШС директоры Кәрібай Мұсырман баян­­­дап берді. Өткен ғасырдың 90-жылдары мемлекеттік тілде бір ғана газет жарық көрсе, қазір әр ауданда дербес басылым бар. Алайда, аудандық газеттердің сапасы көңіл көншіте бермейді. Олардағы шығармашылық топтардың құрамында кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі мамандар аз. Жас кадрлармен толықтыру жайы мүлдем қанағаттандырмайды. «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымының орынбасары Ғалым Омарханов модератор көтерген мәселелерді қуаттай келіп, АҚ тарапынан атқарылып жатқан оң үрдістер мен жинақталған тәжірибелерді бөлісті. Медиа-форумға қатысушылар назарына жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының жоспар-бизнесі топтастырылған көрме ұсынылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар