Газетіміздің Алматыдағы бөлімшесіне елімізге белгілі азамат, оңтүстік астанадағы «Шипадент» стоматологиялық емханасының басшысы Мүсілім Дайырбеков хабарласып, жағымды жаңалық жеткізді. Мүсекең өзі басқаратын мекеме ұжымының түгелдей «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуын қамтамасыз етіпті. Сөйтіп, емхананың 20 қызметкері алдағы жылы Отанымыздың бас газетін өз үйлеріне алдырып оқитын болған. Газеттің бір данасы мекеме атына жазылыпты. Осылайша, шипаденттіктер 21 дана «Егеменге» жазылған.

Былай қарағанда, 21 дана онша көп те емес сияқты. Бірақ мәселе осынау шағын ұжымның ел газетіне деген ықыласында болып отыр. «Көп түкірсе көл дегендей», осындай шынайы ықылас-пейілдер жинақтала келе, тамшыдан теңіз құралғанындай, бас басылым таралымының 200 мыңнан асқан асқар белесіне жеткізіп отырған жоқ па? Ендеше, шағын ұжым жазылған 21 дананың ұлағаты мен ұтымдылығы да сонда. Өз кезегінде бұған газетіміздің көптен бергі авторы әрі жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, сондай-ақ, Ресейдің «Долг и честь» орденінің иегері Мүсілім Дайырбековтің де үгіт-насихаттық тұрғыдан қолдау жасап, үлес қосқанын аңдағандаймыз.
Биылғы жыл Мүсекең үшін де жемісті аяқталғалы тұр. Әуелі ол Алматы қаласы бойынша «Жыл адамы» деп танылған-ды. Соның ізінше қайырымдыларға берілетін дәстүрлі «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты атанған еді. Оған қоса, «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді. Ал Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығына орай «Парасат» орденін алуы атпал азаматтың жыл жемістерін әдемі түйіндеді. Газетіміздің жанашыры Мүсілім Дайырбекұлын осы марапатпен біз де құттықтап, ел игілігі жолындағы ізгілікті еңбегінің жалғаса беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.