• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Елордада ірі ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға 4 млн теңге айыппұл салынады

151 рет
көрсетілді

Елордада карантинге қарамастан ірі ұтыс ойынын ұйымдастырған кәсіпкер 4 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесі шешімге келді. Кәсіпкер гүл дүкенінің ашылуына байланысты 2 мың адамның қатысуымен ұтыс ойынын ұйымдастырып, сыйлыққа 2 автокөлік тіккен. Санитарлық ережелерге мүлде сай келмейтін әрекетке барып, келушілердің денсаулығына қауіп төндірген. Адамдар арасында арақашықтық сақталмай, маска тағу режимі мен басқа да ережелер бұзылған.