Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10 ақпан күні сағат 10.00-де есеп беру кездесуін өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді. Тікелей эфир қала әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ, «Астана» телеарнасында және Tengrinews порталында көрсетілетін болады. Есепті кездесуге қатысып, әкімге сұрақ қойғысы келетіндер https://nur-sultan-online.kz сайтындағы тіркеу сілтемесі бойынша өтіп, ары қарайғы нұсқаулықтарды орындауы қажет.