• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Ақпан, 2021

Қазақстаннан бірнеше елге қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны көбейді

128 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес келесі елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға/жаңғыртуға рұқсат етілді:

1.Ресей - 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;

- Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;

- Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;

- Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.

2.Мальдивтер - 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):

- Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;

3.Қырғызстан -1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):

- Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;

4.Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;

5.Украина -1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):

- Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.