• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2013

Шымкентте екі адам газдан уланып, қайтыс болды

285 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Оңалту орталығы мемлекеттік кәсіпорнының екі қызметкері табиғи газдан уланып, көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Құқық қорғау қызметкерлері осы екі қызметкердің улану себебін анықтау үстінде. Әзірге нақты қорытынды шығарылған жоқ. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жазылғандай, соңғы кездері бұл өңірде газдан уланғандар қатары көбейіп келеді. Осы ай басында Қазығұрт ауданының Қарабау ауылындағы бір отбасының төрт бірдей мүшесі көмірқышқыл газына уланып, қайтыс болған.

2011 жылы облыста улы газға тұншыққандардың саны 300-ден асқан: Ал былтыр мұндай оқиғадан 434 адам зардап шекті. Мамандар газға уланғандардың басым бөлігі үй ошағына жөндеу жүргізбегенін айтады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Otyrar.kz

Фото: ИА Новости-Казахстан.

Соңғы жаңалықтар