• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Наурыз, 2021

Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды

867 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының әкімі болып Советбек Медебаев тағайындалды.

Советбек Тұрсынұлы Медебаев 1965 жылы Ұлытау ауданындағы Қарсақбай ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша және Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Жезқазған облыстық халыққа тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының Жезқазған учаскесінде шебер болып бастады. Жезқазған геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеген.

Жезқазған облыстық тұтынушылар қоғамы одағының аға маманы, күрделі құрылыс, көлік және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы болды.

1995 жылдан мемлекеттік қызметте. Жезқазған қалалық әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы және аппарат басшысы болды. Одан кейін Жезқазған қаласы әкімінің аппаратын басқарды.

2003 жылы Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2008-2011 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің қызметін атқарды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС (Жезқазған қ.) кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет етті.

 

Қарағанды облысы