• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Наурыз, 2021

Украинада мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірген

167 рет
көрсетілді

Украинаның Ровненск облысында мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал нәрестенің бетінде мысық ұйықтап жатқан.

Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған.

Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.