• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2021

«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

189 рет
көрсетілді

Бүгін 10 наурыздан бастап алматылық жас мамандарға баспана алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне байланысты бұл жолы несиеге 18 миллион теңге беріледі. Ал, пайыздық мөлшерлеме 5 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыз болмақ. Сонымен қатар бағдарламаға биыл құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ілігіп отыр. Пәтерлі болуға ниет білдіргендер үшін құжат тапсыру 31 наурызға дейін жалғасады. Бағдарламаға жасы 35-ке толмаған жастар қатыса алады. Отбасында тек бір адамның өтініші қабылданады. Өтініш берушінің күйеуінің немесе әйелінің жас ерекшелігі ескерілмейді. Сондай-ақ, отбасының соңғы бес жылда баспанасы болмауы тиіс және жылжымайтын мүлікке мұрагер болмауы керек.

«Алматы жастары» бағдарламасына қатысушылардың соңғы 6 айдағы зейнетақы жарнасы болуы немесе ең аз дегенде жарты жыл Алматыда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына Алматыдағы денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт, ЖОО мен ҒЗИ, БАҚ, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік салада еңбек ететіндер қатыса алады.