• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Жамбылда әлі де іс құжаттарын орысша жүргізетін мекемелер бар

229 рет
көрсетілді

Бүгін Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізіп, тіл мәселесі төңірегінде бірқатар мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде тоқсан сайын аймақтың тілдік ахуалы зерделеніп, бұл мақсатта аймақтағы атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалады. Өткен жылы мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы 99,2 пайызды құраған. Алайда, басқарма басшысы өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізілетінін атап өтті.

 Сонымен қатар, жамбылдық тұрғындардың тілдік ахуалына өткен жылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген.  Нәтижесінде, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 91,9 пайызды көрсеткен. Ал, 70,5 пайыздық үлесті мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын азаматтар құраған. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 93,5 пайызды құрайды. Сондай-ақ, ағылшын тілін білетін тұрғындар үлесі 27,7 пайыз болып отыр. Үш тілді меңгерген тұрғындар үлесі 27,8 пайыз болса, мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі 76 пайызды құраған. Өз сөзінде Рахия Тұрмаханбетова Жамбыл облысында тіл саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 157 миллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін, былтыр мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 48 пайызды құрап, 28 пайызға артқаныын жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері 62,2 пайызды құрап, 26,7 пайызға артқан. Сонымен қатар, өткен жылы үш тілді оқыту бойынша барлығы 3512 тыңдаушы тегін оқу курстарына жіберілген болса, мемлекеттік тілді оқытудан 2385 тыңдаушы курстан өткен. Оның ішінде 93,8 пайызы өзге ұлт өкілдері.

 Брифинг барысында басқарма басшысы аймақта этностардың ана тілдерін оқыту да жолға қойылғанын, осы бағыттағы оқыту бойынша былтыр барлығы 142 адам қамтылғанын да атап өтті. Оның ішінде 36 әзірбайжан, 60 дүнген, 19 күрді, 16 балқар мен 12 қырғыз бар. Ал, қазақ тілін тілдесу арқылы меңгерту, қазақ тілінде ойын еркін жеткізе білуге жақсы жағдай жасалған. Бұл ретте TedX форматында жүргізілетін барлық ауданда «SÓILE» клубтары құрылған. Жыл ішінде «SOILE» клубының 97 отырысы өткен. Нәтижесінде, 1600-ден аса өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрететін тілдік ортаға тартылған.