Алдағы демалыс күндері Алматыда сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, демалыс күндері, яғни, сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, сондай-ақ, сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынған.
Ашық базарларға (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) тек жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынды. Супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін шектелді.