• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Наурыз, 2021

Жер – ортақ құндылық

771 рет
көрсетілді

Шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ азаматтарға, сондай-ақ кез келген шетелдік азаматтың қатысы бар заңды тұлғаларға жерді сату мен жалға беруді қолдауға мүлдем болмайды.

Біріншіден, жер – ата-бабаларымыздан қалған аманат. Екіншіден, қазақтар ешқашан жерге жекеменшік құқығымен ие болған емес. Кей­бі­реулер Америка, Канада мен Еуро­паны мысалға келтіріп, жерді жеке­мен­шікке өткізуге ынталандырады. Бұл жерде тым болмағанда халықтың менталитетін ескеруіміз керек. Ол мем­ле­кеттерде нені болсын өзіне мен­шіктеп алу менталитеті бар, ал қазақ халқы үшін жер – ортақ құндылық. Біз жерді қауым, ру болып пайдаландық.

Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді ше­тел­діктерге сатпау және жалға бермеу ту­ралы заң жобасын Мәжіліске жолдауын оң қадам деп есептеймін.

Қазіргі уақытта қазақстандықтың жерді 49 жылға жалға алу құқығы бар. 20 жасыңда жерді жалға алып, ауыл шаруашылығымен айналыссаң, 69 жасқа дейінгі уақыт жеткілікті болар. Егер ол жерде шаруашылығын өр­бітіп, орынды пайдаланып жатса, жерді жалға алу уақытын заңды түрде ұзартуды қарастыру керек. Осыдан артық не керек? Сондай-ақ жалға алған жердің тиімді пайдаланылғанын мемлекет қатаң бақылауда ұстауға тиіс.

Жер кодексі қабылданғалы 18 жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы 200 млн-нан астам ауылшаруашылық маңызы бар жер­лердің тек 1,8 млн гектары жекеше­лендірілген. Демек 1 пайызға да жет­пейді. Оның өзі оңтүстік аймақтардағы құнарлы суармалы жерлер.

Сондай-ақ ірі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды сынды қалалардың маңындағы ауыл шаруашылығына тиімді, маңызы бар жерлерді жекешелендіріп, кейін жеке тұрғын үй құрылысына бөліп, сатып жіберді.

 

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ,

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі