• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2021

Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

333 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында 25 наурыз күні жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Келеңсіз жайт кеше шамамен сағат 22:10 шамасында болған.

«Lada granta көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен болып шықты. Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр», деді Полиция департаментінің өкілі.