Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жылымық кезде жауын-шашынның мол түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 5 - 6 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі ықтимал болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», делінген хабарламада.