• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2021

Қызылордада өртенген пәтерден 7 адам құтқарылды

171 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында көпқабатты үйден өрт шықты,   деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні 14.35 кезінде облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орына дереу жетті. Өрт сөндірушілер күшімен 7 адам құтқарылды. Төтенше жағдай салдарынан пәтер ішіндегі асхана және қонақ бөлмелері өртенді. Тілсіз жау толығымен сөндіріліп, оған өртке қарсы қызметтен 17 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.