• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2021

Қостанайлық ер адамнан 105 грамм есірткі тәркіленді

186 рет
көрсетілді

Лисаковск қаласында ер адам тыйым салынған психикалық белсенді заттардың ірі партиясымен қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сәуір айының басында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Лисаковск қаласында 5-шағын аудандағы пәтерді тінту кезінде 23 жастағы ер адамның шолақ шалбарының қалтасынан салмағы төрт граммнан астам, синтетикалық психикалық белсенді зат  пирролидиновалефернон (а-РVР синонимі), 4-метилметкатинон және меткатинон (мефедрон синонимі) ажыратқыш лентамен оралған 10 түйіншек тәркіленді.

Сондай-ақ іздестіру шаралары барысында төр үйдегі шкафтан жоғарыда аталған азаматтан тәркіленген затқа ұқсас, жалпы салмағы 100 граммнан астам, ажыратқыш лентамен оралған 146 түйіншек салынған целлофан пакет табылды. Осылайша, тәркіленген синтетикалық психикалық белсенді заттың жалпы салмағы 105 гр құрады, бұл аса ірі көлемге жатады», дейді мамандар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті тарапында “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы қабылданды, тыйым салынған заттарды жөнелту арналарын және заңсыз әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде.