• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2021

Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады

391 рет
көрсетілді

СҚО Айыртау ауданында тұратын қарапайым жұмысшы интернет-алаяқтарға 2 миллионнан теңгеден астам қаражатын аударған. Ол кең тараған әдіс бойынша алданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жағымды дауыспен әйел адам хабарласып, мұнымен банктің қауіпсіздік қызметі қызметкерінің сөйлесетінін айтып, телефонды басқа адамға берген. Ал ол алаяқтар жәбірленушінің шотын бұғаттап тастағанын, енді жаңа шот ашу қажеттігін айтқан.

Алаяқ сенімді сөйлеп, психологиялық қысым көрсете отырып: «Егер сіз бұлай істемесеңіз, өз ақшаңызды ешқашан көрмейсіз, шотыңыздан осылай жоғалып тұрады» деп иландырған. Қулығына көніп қалған ауылдық 2 миллион теңгеге несие алып, қаскөйлер көрсеткен карточкаға аударып, құпия сөздерін, sms-хабарламасымен келген кодты берген. Жұмысшы байланыс үзілгеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

«Ер адам айланың мұндай амалдарын естігенін, бірақ ескертулерге құлақ аспағанын айтты», дейді Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Марат Серкешов.

«Ауданда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап кеткен жөн. «Киберқылмыскерлердің белсенділігінің артқаны туралы ескертулер аудандық газет беттерінде, ПБ Instagram-дағы аккаунттарында жарияланып тұрады. Жастарды тарта отырып челлендждер өткізіліп, брошюралар үлестірілді. Профилактикалық бейнероликтер ХҚКО және Орталық аудандық ауруханаларда көрсетілуде. Солтүстікқазақстандықтарды полицейлердің ұсыныстарына құлақ асуларын сұраймыз», дейді ол.

Солтүстік Қазақстан облысы