Нұр-Сұлтанда ойын алаңында сырғанап жүрген кішкентай баланың саусағы жұлынып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
«25 сәуір күні кешкісін 4 жастағы бала ауруханаға түсті. Анасының айтуынша, бала жарақатты сыртта ойнап жүріп алған, сырғанап жүрген кезінде саусағы жұлынып кеткен. Баланың сол қолындағы екінші саусағы ампутацияланды. Травматология пункті деңгейінде жараға алғашқы хирургиялық емдеу жүргізіліп, гипс салынған. Бала амбулаториялық ем алуға жіберілді», деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Сондай-ақ басқарма өкілдері Байқоңыр ауданы әкімдігі баланың отбасына барлық қажетті медициналық және материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
«Сырғанақ бұзылып, ауладан алынды», деді ведомство өкілдері.