• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2021

Көкшетауда жоғалып кеткен бозбала аман-есен табылды

338 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен 12 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік инспектор полиция капитаны Райымбек Қабудәлиев пен Жанат Меңдібаев қала көшелері мен тұрғын үй аулаларын сүзіп шығып, куәгерлерден сұрастырды. Нәтижесінде, жоғалған бала көшеде ойнап жүрген жерінен табылды.

Тәртіп сақшылары баланы ата-анасына қайтарды. Айта кетейік, 26-шы сәуір күні сағат 14:21 Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 1984 жылғы ер адам хабарласып, 12 жастағы ұлы Сергей Александрович Кривоножконы іздеуге көмек сұрады.

Әкесінің айтуынша, ұлы сағат 13:00 шамасында қарындасын №16 орта мектепке шығарып салмақшы болған. Алайда, бала содан үйіне қайтып келмеген еді.