• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2021

Ұсақ ұрлық жасайтындар азаймай тұр

380 рет
көрсетілді

Барлық шаһарлар сияқты Петропавл қаласы да «Тұрғындар» және «Өндіріс» аймағы болып екіге бөлінеді. Соңғы үш күнде «Өндіріс» аймағынан үш ұрлық жасалғаны тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұрлықтың бәрі сырттан келгендер емес, сол кәсіпорындардың өзінде жұмыс істейтіндердің қолынан келгені белгілі болып отыр. Сырттан келген ұры машинада салулы тұрған аккумулятор, автошина сияқты заттарды бұрандадан шешіп әкете алмайды. Өйткені бірден көзге түседі. Ал сол жерде жұмыс істейтіндер жұмыс істеп жатқан болып та ұрлық жасай алады. Сондай ұрлықтың бірі бойынша арыз түсірген ЖШС-ның өндіріс басшысы, өздерінде жүргізуші болып істейтін 34 жастағы жігіттің «КамАЗ» жүк көлігінен 40 мың теңге тұратын екі радиаторды ұрлап жатқан жерінде ұсталғанын айтқан. Қазір осы және басқа да ұрлықтар Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Өз кәсіпорнынан ұрлық жасау адамдардың санасында кеңестік дәуірден қалған жаман қылықтардың бірі. Ол кездегі дүниенің бәрі өкіметтікі деп саналатын, ал өкімет нақты ие емес, жалпы ие болғандықтан «қағып кеткен» дүние есептен оңай шығарылып, орнына басқасы қойылатын. Ал қазір барлық дүниенің иесі бар, қожайын өзінің әрбір мүлкі үшін жаны шырылдап жүреді. Сондықтан да ұрлық жасағандарды оңай ұстайды.

ПЕТРОПАВЛ