• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2021

Өскеменде қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді

183 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 26 сәуірде сағат 12:00 шамасында басталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Құтқарушылар арнайы техникалармен тәулік бойы жұмыс істеді. Төбе боп үйілген қоқыс пен жел өртті жылдам сөндіруді қиындатқан.

«Бүгін сағат 12.15-те қызыл жалын толықтай сөндірілді. Өртенген аумақтың ауданы 1 гектарды қамтыған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына барлығы 40 адам мен 14 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына – қасақана өрт қою немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.