• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 06 Мамыр, 2021

Президент қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады

456 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.