Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар былтыр қазанда балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен жылы 31 қазанда 57 жастағы ер адам балық аулауға шығып жоғалып кеткен болатын. Volontery Petropavl еріктілер ұйымы ер адам СҚО-да Мамлют ауданындағы «Чистое» көліне қайықпен балық аулауға шыққанын айтты. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген.
Мамырда ТЖД құтқарушылары жоғалған адамды іздестіру жұмыстарын қайта бастаған. Департамент баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам белгісіз жағдайда суға батып кеткен. 6 мамырда сағат 13.43-те оның мәйіті қамыстардың арасынан табылып, сот сараптамасына жіберілген.