Ақтөбе қаласындағы жалғыз қоқыс полигоны тағы өртеніп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт аумағы 500 шаршы метрді құрап отыр. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жіберілді. «Қазір қоқыс полигонына жауапты мердігер компания жұмысшылары да өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бірер күн бұрын жанған аумақтан 300-400 метр қашықтықтан тағы өрт шығып отыр», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 9 мамыр күні өртті сөндіру үшін 800 тонна құм төселіп, 130 тонна су себілді. Жалпы қоқыс полигонындағы қалдықтың тереңдігі 15 метрге жектен.