• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Мамыр, 2021

Bank RBK оқиғасы: Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді

349 рет
көрсетілді

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Апелляциялық кеңестің шешімімен Жомарт Ертаев түрмеде 11 жыл емес, тек тоғыз жыл қамауда болатын болды. Соттың оған қатысты басқа үкімдері өзгеріссіз қалдырылды. 

Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим де жеңілірек жаза алды. Бұрын тағайындалған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы жеті жылға дейін азайтылды.

Сондай-ақ Bank RBK басқармасының бұрынғы төрағасы Игорь Мажинов сегіз жылға сотталған болатын. Оның мүлкін тәркілеумен бірге бостандықты жеті жылға шектеу қарастырылған.

Олардан басқа, тағы 18 сотталушыға қатысты үкім өзгертілді.