Індеттің таралуы жағынан елдегі эпидемиялық ахуал жақсара қойған жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан бүгінгі мәлімет осыны растайды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 мамыр, яғни бүгін өңірлердегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. Министрлік соңғы тәулікте коронавирус індетінен 22 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.