Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында вакцинация мен өзге іс-шаралар таяу уақытта ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік беретіні жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өкінішке қарай, міне 1,5 жыл бойы пандемия бізге жүзбе-жүз жүздесуге мүмкіндік бермей отыр. Дегенмен, бұл жайт біздің бірлескен жұмыстарымыздың сапасына кедергі келтіре алмайтындығы қуантады. Елдерімізде жүзеге асырылып жатқан вакцинация мен өзге іс-шаралар таяу уақытта ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік беріп, келесі отырысты дәстүрлі форматта өткізетіндігімізге сенімдімін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.