• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2021

Учаскелік инспекторлардың жалақысы өседі

839 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев 2022 жылдан бастап учаскелік инспектордың жалақысы тағы 30 пайызға, ал көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Үздік қызметкерлерді іріктеу үшін кандидаттарға қатысты біліктілік талаптары, оның ішінде бос жұмыс орнына орналастыруға қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр. Сондықтан 2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25 пайызға артты. Биылдың басынан олардың көмекшілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Қазіргі кезде учаскелік инспектордың жалақысы 177-266 мың теңге аралағында», деді комитет басшысы.

Мұрат Баймұқашевтың айтуынша, алдағы жылдан учаскелік инспектордың жалақысы тағы 30 пайызға, ал көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға артады. Белгілі болғандай, 2019 жылдың шілдесінен учаскелік инспекторға тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді.

«Биылдың 1 қаңтарынан бұл тізімге учаскелік инспектор көмекшісі де енді. Осы жылдың сәуірінен бастап олар осы баспана төлемдерін тұрғын үйді жекеменшікке алу үшін пайдалана алады. Яғни төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық несиелеу бағытына қатысу мүмкіндігі бар», деді Мұрат Баймұқашев.