СҚО Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлдегі көпірде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанай қаласының бірнеше тұрғыны «Toyota RAV 4» көлігімен Көкшетау қаласынан келе жатқан. Қозғалыс кезінде жұбайына рөлге отыруды өтінген ер адам автомобиль салонынан құлап кеткен. Жолаушылар зардап шегушіні аудандық орталық ауруханаға жеткізгенімен ол жан сақтау бөлімшесінде жан тапсырған.
Болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты қарауға бағытталған тергеу жүргізілуде.
«Қайтыс болғанның туыстарының айтуына қарағанда ер адам электронды сигаретін аламын деп есікті ашқан сәтте құлап кеткенін түсіндірді. Автокөліктің жолаушыларынан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды, қауіпсіздік белбеуін ағытпауды және қозғалыс кезінде есікті ашпауды сұраймыз. Егер есікті ашу қажет болған жағдайда жүргізушіге белгі беріп, көлік құралының толық тоқтағанын күту керек», дейді аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Марат Серкешев.