Құтқару жасақтары 7 тәулік қатарынан мобильді топтарға бөлініп, шатқалдарды аралаумен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов хабарлады. Өгем тауы өзенінің жағасында да іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар тауда түнейді. Тікұшақ ұлттық парк аймағын түгел айналып өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, полиция, құтқарушылар, шекарашылар парк қызметкерлері жоғалған екі туристті тірі деп үміттеніп, іздеуді тоқтатпайды «Қазіргі таңда 2 баладан ешқандай хабар жоқ. Кешелі бері сағат 21:00-ге дейін жаяу іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өзбекстан республикасының аумағына дейін тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру күні біз Өзбекстан республикасының ТЖМ-дегі әріптестерімізге шығып, ол әріптестеріміз сол Өгем өзенін өздерінің аумағында орналасқан телімін Қазақстаннан әрі қарай Шарбақ су қоймасына дейін олардың құтқарушылары іздестіру жұмыстарын жалғастырды», деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.