• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2021

Құтқарушылар Түркістан облысында жоғалған туристердің сөмкесін тапты

353 рет
көрсетілді

Түркістан облысының таулы аймағында іздестіріліп жатқан екі туристің біріне тиесілі сөмке Өгем өзенінің бойынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстаған. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, полиция департаментінен, ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 бірлік техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», дейді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.